Түркістан
EN

Қоғамдық келісім мен диалог мәселелері талқыланды

9
03.11.2026

Түркістанда қоғамдық келісім мен диалог мәселелері талқыланды. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді арттырып, этносаралық қарым-қатынасты нығайту. Жиында этномәдени коммуникация, цифрлық ортадағы мәдениет мәселелері қарастырылды. Сондай ақ, этносаралық қатынастардың ерекшеліктері де сөз болды. «Ұлт», «ұлыс», «қазақстандық ұлт» ұғымдарына түсініктеме берілді. Ұлттық бірегейлік мәселелері талқыланған жиында бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы кеңінен талқыланды. 

ЖАНАР БЕКТАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Әртүрлілігімізге қарамастан ортақ құндылықтар төріндегі топтаса білуіміз адам қадірі биік, заң үстемдігі берік, сыйластық өмір салтына айналған қоғамда ғана тұрақтылық пен сенім орнайды. Осы жолда ортақ еңбегіміз жемісті болып бүгінгі бастама ел ынтымағына қызмет етсін.