Түркістан
EN

Қазақстанда екінші жолбарыс табиғатқа жіберілді

9
03.11.2026

Елімізде тұқымы азайып бара жатқандықтан аранйы тұқымбақта көбейтілген жолбарыстардың  екінші еркіндікке, яғни табиғатқа жіберілді. Амур есімді аталық жыртқыш Іле-Балқаш резерватына еркіндікке шықты. Алғашқысы, Үміт атты аналық жолбарыс еді. Амур табиғатқа жіберілмес бұрын ветеринариялық тексеруден өтіп, аңшылық дағдылары сыналды. Мамандар оның өздігінен тіршілік етуге дайын екенін растады. Енді жыртқыштың қозғалысы спутниктік қарғыбау арқылы бақыланады. Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты - Іле-Балқаш өңірінде өздігінен көбейіп, тұрақты тіршілік ететін жолбарыстар популяциясын қалыптастыру.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ 

Бұл тарихи оқиға – ұзақ жылдар бойы бірлесіп атқарылған жұмыстың нәтижесі. Осы орайда бағдарламаны жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы мен тікелей қатысқаны үшін Ресей тарапына, әсіресе «Амур жолбарысы» орталығы мен оның мамандарына ерекше алғысымды білдіремін. Сондай-ақ Қазақстанның табиғи экожүйелерін қалпына келтіруге және жолбарыстардың оралуына қажетті жағдай жасауға көп жылдан бері үлес қосып келе жатқан Дүниежүзілік табиғат қорына және барлық серіктестерімізге ризашылығымды жеткіземін.