15 миллиард теңге. Бұл республикалық бюджеттен «Ауыл аманаты» бағдарламасын жалғастыру үшін Түркістан облысына бөлінген қаржы. Бірақ оны тиімді пайдалану мұндағы басты міндет. Сондықтан жоба аясында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне агросүйемелдеу қызметтерін көрсету бойынша семинар-тренинг өтті. Мамандар кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу, өндірісті дамыту және қаржыны тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді.
Бауыржан Абдрахмен осыдан 12 жыл бұрын 6 гектар жерге алма егіп, кәсіп бастаған. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, 30 миллион теңге қаржыландыруға қол жеткізіпті. Ақшаға өндіріс орнына қажетті техника алып, жұмысшылар тартқан. Енді бақтағы өнім өңделіп, шырын түрінде саудаға шығарылады. Өндірістің ауқымы кеңейген сайын, кәсіпкерге де, кәсіби білімді жетілдіру керек. Соны ескергендіктен Түркістандағы тренигке Түлкібастан арнайы келіпті.