Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Президент Теміртау қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, өңірдегі ірі өндіріс пен әлеуметтік нысандарды аралады. Ең алдымен Мемлекет басшысы халықтың өтінішімен қайта іске қосылған трамвайға отырып, жолдың сапасын тексерді.
Теміртауда тоқтап қалған трамвайдың қайта жүруі қала тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш. Қазір 30 шақырымдық шойын жол толық ауыстырылып, заманауи 8 жаңа вагон сатып алынды. Қазірдің өзінде бұл көлікпен 1 миллионнан астам жолаушы қатынады. Зауыт жұмысшылары мен ардагерлер үшін жол жүру тегін. Мұнан бөлек өндірісті шаһардағы үйлерге газ тартылып, халықтың тұрмысы жақсарып келеді.