Түркістанның сәулеттік келбеті күн санап жақсарып келе жатқанымен көпқабатты үйлердің ауласындағы балаларға арналған ойын алаңдарының көпшілігі бүлініп, қирап барады. Қараусыз қалған нысандардың кейібірі тіпті бүлдіршіндердің өміріне қатер төндіріп тұр. Тақырыпты әрмен қарай тілшіміз Шынар Әділханқызы тарқатып айтады.
Тұрғын үй салынған соң, бүлдіршіндерге арналған ойын алаңының болуы – заңдылық. Алайда, көз қуантқан көріністің сапасы мен қауіпсіздігі сын көтермейді. Ата-аналар балаларын далаға жалғыз жіберуге сескеніп, қорқатындарын жасырмайды.