Түркістан
EN

Жылдар бойы құрылысы аяқталмаған 10 су нысаны жөнделуде

12
02.11.2026

Елімізде жылдар бойы диқандардың берекесін қашырып, құрылысы сан мәрте кейінге шегерілген 10 маңызды су нысаны жөнделе бастады. Су ресурстары және ирригация министрлігі бұрынғы қателіктерді түзеп, тоқтап тұрған құрылысты толық аяқтауды қолға алды. Нәтижесінде Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы қуаңшылықтың алдын алатын каналдар, Ақмоладағы гидротораптар мен су қоймалары, сондай-ақ Абай мен Алматы өңірлеріндегі бөгеттерде құрылыс басталды. Қазірдің өзінде Сүмбе өзені мен Түркістандағы Қызылқұм магистральдық каналында қызу жұмыс жүріп жатыр. Министрлік өкілдерінің айтуынша, кейінгі кездері осындай ұзаққа созылған түйткілді жобалардың саны екі есеге азайған. Қалған гидротехникалық нысандар алдағы екі жылда толық бітіп, шаруалардың игілігіне берілмек.