Түркістан
EN

Отырарда халықаралық керамика шеберлерінің жәрмеңкесі өтті

12
30.10.2026

Бүгін он қолынан өнер тамған отандық және шетелдік шеберлер Отырарда бас қосты. «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғыру» атты халықаралық жәрмеңкеге алыс жақын шетелден 20-ға жуық  шеберлер қатысты. Олар өздерінің саз балшықты илеп жасаған туындыларын көпшілік назарына ұсынды. 

Тәжікстанның топырағында әзірленген қыш өнімдері көпшілікті бірден өзіне баурады. Себебі, тұрмыста қолданылатын пышақ, шаш тарағы мен түрлі мақсатта пайдаланылатын  құмыраларға келушілілер үйіріле кетті. Олардың бір ерекшілігі табиғи шикізаттан жасалғандықтан көпке шыдас береді. Мысалы, мына шынар ағашынан жасалған  тарақ емдік қасиетке де ие. Бостон шебер атадан қалған кәсіпті жалғап, қолөнер бұл түрін жұртшылық арасында кеңінен дәріптеп жүр.