Түркістан
EN

Құмар ойын өткізуге банк қызметкерлері де араласқан

13
30.10.2026

Алматыда бір топ адам «Nomadgames», «Sultangames» интернет-сайттары мен олардың көшірме сайттары арқылы интернет-казино ұйымдастырғаны анықталды.  Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ойыншылардың ақшасын алу үшін төлем ұйымдары, банк эквайрингін, POS және интернет-терминалдарды, электрондық әмияндар мен криптовалюта құралдарын қамтыған көпсатылы төлем жүйесін қолданған. Ең сорақысы,  қылмысқа банк саласының қызметкерлері де қатысқаны белгілі болды. Қазір екі күдікті қамауға алынып, тағы үшеуіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып отыр.