Түркістан
EN

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңге болмақ

13
29.10.2026

Елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтеріледі. Енді айлығы шайлығына жетпейтін 2 миллионға жуық азаматтың табысын кезең-кезеңімен көбейту қолға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында осылай деді. Бұл міндет келер жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы елдегі түйткілді мәселелерді көтеріп, ел дамуын ілгерілететін бастамалар жайында айтты. Солардың бірқатарын келесі сюжетте баяндаймыз.  

Қазақстан Еуразияның жетекші логистикалық орталығына айналуы тиіс. Еліміз халықаралық жүк ағындарының тасқынын  толыққанды үйлестіруше рөліне көшуі қажет. Президент «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттерінің бірі» осы деді. Бүгінде Қытайдан Еуропа құрлығына жол тартатын жүк тасымалының 85 пайызы ел аумағынан өтеді. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып,  құрлықтағы ірі көлік дәлізіне айналуы тиіс,- деді Президент.