Еліміздің электроэнергетика саласында мәселе бастан асады. Оның бір мысалы, әр жылы қыс мезігілінде жылу тапшылығы болып оны көрші елден қымбатқа сатып алуға тура келеді. Ал жаз айында оны су тегін бағаға нарыққа қайта шығарамыз. Ол аздай бұл саланың нағыз кәсіби энергетиктері саусақпен санарлық. Бірақ, аталған саланы дамыту бойынша жыл сайын ауқымды форумдар өткізіледі. Осылайша, бұл сала пысықайлардың қолдан жасап отырған бизнесіне айналған. Президент мұндай түкке керегі жоқ форумдар өткізгенше, жылу электр орталықтарын уақытында салып біту керегін айтты. Мәселен, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Екібастұз қалаларындағы электронысандардың тағдыры да қыл үстінде тұр, дейді президент.