Бір ауылдың сегіз жігіті Ұлттық ұлан сапында Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Қазығұрт ауданындағы Көкібел елді мекенінде туып өскен бозабалалардың алды әскерге былтыр келген. Кейінгілері аға жолын қуып, күзде сапқа қосылыпты. Оның інішде ағалы-інілі Бейсенбаевтар да бар. Бірге өскен ауылдастармен тілшіміз Жұлдыз Шалхарбек тілдесіп қайтты.
Айбек Бейсенбаевтың дзюдомен айналысып жүргеніне 8 жыл. Өз і ғана емес, артынан ерген інісі Асланды да 6 жылдан бері күреске баулып келеді. Бүгінде ағалы-інілі татами үстінде ғана емес, әскери саптада бірге. Балуан жігіттер мұнда келгелі жаттығуды үзбей, әскери бөлім атынан жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр