Түркістан
EN

Мұғалімдердің қағазбастылығы мен артық жұмысқа жегу мәселесі әлі де өзекті

11
29.10.2026

Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал, міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа жолдауында айтты. Әрі мұғалімдердің қағазбастылығын азайтып, ұстаз беделін қорғауды тапсырды. Президенттің аталған салаға қатысты пікіріне ұстаздар қауымы оң көз қарасын білдіруде.