Кентауда екі бірдей адамның өмірін жалмаған жойқын өртке кінәлі азаматтарға сот үкімі шықты. Қалалық соттың шешімімен «Қымызхана» иесі – 5 жылға, ал газ баллонын ережеге қайшы толтырған азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға биыл 1 қаңтарда Қонаев даңғылындағы тамақтану орнында болған еді. Газ жарылысының салдарынан ғимаратта жұмыс істеп жатқан өрімдей екі жас қызметкер қаза тапты.
Сот тарапынан айыпталушыларға қатаң жаза кесті. Араға 10 ай салып аяқталған сот отырысында жарылыстың нақты себептері мен жауапты тұлғалардың кінәсі толықтай дәлелденді.
2026 жылғы 1 қаңтарда Кентау қаласындағы Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Қымызхана» ғимаратында газ жарылысы болып, соның салдарынан екі азамат қаза тапқан. Аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот үкімі шықты. Сот үкімімен Ақжан Абдрасылұлы Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Ғани Құрманалиев Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Заңда белгіленген мерзімде апелляциялық шағым берілмесе, 15 күннен кейін күшіне енеді.