Түркістан
EN

Ұстаздарды қорғау мен қолдау Президенттің айрықша назарында

11
29.10.2026

Ұстаздың міндеті балаға сапалы білім беріп, сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл істі атқару кезінде оған ешқандай кедергі болмауы керек. Бүгін осылай деген мемлекет басшысы ел халқына жолдауында бұл саладағы кез-келген өзгерістің мұғалімдердің жұмысын қиындатпай, керісінше жеңілдетуі керек деді. Мәселен, бұрын олардың уақытының көбі қағазбастылыққа кетсе, қазір әртүрлі электронды жүйелер мен платформаларды толтырудан босамайды. Ұстаз уақытын базаға деректер енгізуге өткізбей, бала оқытуға жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, соңғы уақытта мектептерде оқушылар мен ата-аналардың тарапынан мұғалімдерге дөрекі сөйлеп, тіпті күш қолдану сынды жағымсыз жайттардың жиілегенін айтып, бұл мәселеде жан-жақты байыппен қарап, бала тәрбиелеуде ортақ жауапкершілікті ұстануды атап өтті. Бұрынғы экс-министр, қазіргі Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов, баланың жеке деректерін жинау әлі де сынып жетекшілерге жүктеліп отырғанын айтып, оны арнайы мемлекеттік органдар арқылы қайта қалпына келтіру жайында пікір білдірді.