Түркістан
EN

«Ой қозғау» ғылыми орталығы ашылды

13
28.10.2026

 Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде руханият пен білімді ұштастырған бірқатар ауқымды шаралар өтті. Басты жаңалық — оқу орнында жас зерттеушілердің тың идеяларына жол ашатын «Ой қозғау» ғылыми орталығы ашылды. Орталық – ғылыми әлеуетті арттыруға, зерттеушілердің шығармашылық ізденістерін ынталандыруға және білім мен ғылымды ұштастыратын тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орта. Мұнда жас ғалымдардың идеяларын талқылауға, ғылыми пікір алмасуға және зерттеу бастамаларын дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру көзделген. Орталықтың ашылу салтанатынан соң академик Оразалы Сәбден жастар мен магистранттарға арнайы дәріс оқып, «толық адам» ілімі мен ұлттық идеологияның өзекті мәселелерін кеңінен талқылады. Студенттер ұлттық құндылықтар, Абайдың философиялық мұрасы, ұлттық ойындар мен жасанды интеллект бағыттары бойынша білімдерін сарапқа салды Бүгінде қарашаңыраққа айналған бұл білім ордасы ұлт болашағын тәрбиелеп қана қоймай, ғылым мен руханияттың орталығына айналып отыр.