Ордабасы ауданы Бадам ауылында 250 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, аудан әкімі, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Құрылысы өткен жылы ғана басталған нысанда енді алдағы уақытта мәдени іс-шараларды өткізуге болады. Сонымен қатар, өнерге құштар, шығармашылыққа жаны құмар ауыл жастарының талабын шыңдауға жол ашылмақ. Басқосуда ел ағалары ақ батасын беріп, жаңа ғимараттың құтты да берекелі ордаға айналуына тілек білдірді.