Еліміз бойынша 70-ке жуық денсаулық сақтау нысандары салынады. Олар перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар болмақ. Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы да басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жолдауда айрықша айтып өтті. Бүгінде еліміз бойынша маңызы жоғары үлкен құрылыс жүріп жатқанын айта келе, оған «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынды. Бұл ел тарихындағы бұрын соңды болмаған ірі жоба, деді мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына да тыңғылықты көңіл бөлінбек. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады. Ол үшін Үкімет жыл соңына дейін барлық аймақты қамтып нақты жобалардың тізімін әзірлейді.