Түркістан
EN

Мемлекеттік қызметтің жаңа кезеңі басталды

11
28.10.2026

Мемлекеттік қызметшілерге жаңа мүмкіндіктер! Жаңа заң бойынша кадр іріктеу ашық форматқа ауысқанының нәтижесінде бір орынға үміткерлер саны 1,5-тен 4,4 адамға дейін артқан. Бұдан бөлек, қызметшілерге еңбек өтіліне қарай он күнге дейін қосымша ақылы демалыс беріледі. Сондай-ақ, саламатты өмір салтын қолдау үшін тағы үш күн демалыс қарастырылған. Бұдан өзге, жаңа заң мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыруды, халыққа сапалы қызмет көрсетуді, кадрлардың кәсіби әлеуетін күшейтуді және жұмыс үдерістерін цифрландыруды көздейді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуіне жағдай жасау мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге басымдық берілген.