Түркістан
EN

Төле би баба мұражайы ашылды

10
28.10.2026

Үкімет бұрын-соңды Төлеби ауданында Төле би баба мұражайы ашылды.  Онда халық арасында «Қарлығаш әулие» атанған ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін үш мыңға жуық жәдігер қойылған. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев пен Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысты. Былтырғы жылдың мамыр айында құрылысы басталған мұражайдың салынуына 372 миллион теңге қаржы жұмсалған. Айта кетейік,  Төле би – қазақ тарихында әділдіктің туын көтеріп, ел ынтымағы мен бірлігін бәрінен биік қойған бірегей тұлға. Сондықтан оның шешендік өнері, терең ойы мен көрегендігін көпке таныту маңызды,- дейді музей басшылығы.