Түркістан
EN

Үкімет инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлейді

11
28.10.2026

Үкімет бұрын-соңды болмаған «Инфрақұрылымдық жаңғыру» жоспарын әзірлейді. Мұны іске асыруға ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді. Бұл жайлы  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысы алтын-валюта резерві мен ұлттық қор активтерінің көлемі 130 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай ақ, өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Қазір оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14 пайыздан асқан. Бұл – ұлттық экономиканы әртараптандыру бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін айқындап отыр.