Түркістан
EN

2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны құрылады

183
27.05.2022

Ірі бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтін 2,8 млн қызметкердің орташа жалақысы өседі. Бұл туралы Сенатта «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыруды талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті. Бұл бұрын соңды болмаған нәтиже дейді ол. Аталған жоба 80 міндеттен тұрады. Оның ең маңыздысы халықтың еңбек табысын арттыру. Осы бойынша 2025 жылға дейін 2 млн-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Олар шалғай ауыл аймақтарға дейін салынатын болады. Басымдық өнеркәсіп саласына беріледі дейді Тоғжанов. Десе де сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың нарыққа келіп қосылатын жастардың білімі мен қабілетіне көңілі толмайтын көрінеді. Сол себепті олар құрылыс аралап кете ме деп қорқады. Жоғары оқу орынын бітірген жастардың өзі бәсекеге қабілетті емес дейді ол. Жастар жақсы әрі кәсіби жұмыс табуы үшін білім жүйесіне баса назар аудару керектігін айтты.