Интернет-алаяқтар қазақстандықтардан шамамен 6 млрд теңге жымқырмақ болған. Алайда күмәнді қаржы операциялары дер кезінде анықталып, қаражаттың өзге шоттарға аударылуына тосқауыл қойылды. Бұл туралы ІІМ өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Жалпы биыл интернет-алаяқтықтан келген шығын көлемі 40 млрд теңге шамасында. Былтыр бұл көрсеткіш 70 млрд теңгеден асқан. Ал азаматтарға қайтарылған қаражат көлемі 12 пайызға өскен.