Түркістан
EN

Алтынды мыс деп көрсетіп, шетелге сатпақ болған

8
22.10.2026

Жетісу облысында жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын алтынды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Олар өнімді шетелге шығару үшін кеден құжаттарында алтынды мыс деп көрсетіп, нақты құрамын жасырған. Тергеу кезінде, шығыс өңірі мен Алматы облысындағы қоймалардан жүк қорабына салынған мың тоннадан астам шикізат табылды.  

ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ      

Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар «RedGold Mining» ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен өзге де тұлғалар анықталды. Екі күдікті қамауға алынды. Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.