Түркістан
EN

Емханалар мен жол салуға 105 миллиард теңге қаржы бөлінді

8
22.10.2026

Шығыс Қазақстан облысында емханалар мен жолдарды жаңартуға 105 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір Өскеменде үш жүз орындық жаңа аурухана салынып жатыр. Емдеу кешені іске қосылған соң жылына он үш жарым мыңнан астам тұрғынды емдеп, іргелі медицина орталығына айналмақ. Сонымен қатар, Ана мен бала орталығының перзентхана ғимараты да күрделі жөндеуден өтуде. Ғимарат толық іске қосылғанда, өңірде жыл сайын тағы екі мыңдай ананың аман-есен босануына жағдай жасалады. Денсаулық сақтаумен қатар, шаһардағы кептелісті сейілту бағытында да ірі жобалар басталды. Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жол айрығы кеңейтіліп, көпір салынып жатыр. Бұл жол қаланың сол жағалауы мен маңайдағы ауылдарға қатынайтын көліктердің қатынауын жеңілдетпек.