Түркістан
EN

Орталық стадион күрделі жөндеуден өтті

7
22.10.2026

Сарыағаш ауданындағы 1000 көрерменге лайықталған Орталық стадион күрделі жөндеуден өтті. Нысан Республика күні қарсаңында ел игілігіне берілді. Оны жөндеуден өткізуге 800 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған. Трибуналардың үсті жабылып, орындықтар жаңартылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да орын қарастырылған. Бұдан бөлек, воркаут алаңшасы мен кіші футбол алаңы жаңадан салынды. Алдағы уақытта орталық стадионда 5 жаттықтырушының жетекшілігімен 200-ге жуық бала спортпен шұғылданбақ.

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ 

Міне бүгін мына стадионға жасанды жабын, жүгіру алаңы мен жарық жүйесін де қамтамасыз еттік. Алдағы уақытта осында болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге, жарыстарды өткізуге барлық мүмкіндік қарастырылған.