Түркістан
EN

Тегі бөлек болса да, тілегі бір

8
22.10.2026

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны Мамед Багировтың ұлты– иран. Дегенмен ол өзін қазақпын деп есептейді. Себебі бүкіл өмірі Қазақстанмен тығыз байланысты. Кейіпкер еліміздегі еркіндік пен қоғамдық келісімді ерекше бағалайды. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қатынастарда бейбітшілік пен өзара татулықты ту еткен саясатын қолдайды. 

75 жастағы Мамед Багиров Ордабасы ауданының тумасы. Оның айтуынша, ата-бабасы Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Әзербайжанның оңтүстігінен Қазақстанға жер аударып, Қараспан ауылына қоныстанған. Қарияның әкесі қиын кезеңде өздері де тұрмыстың тауқыметін тартса да, жер аударылған жандарды жатсынбай қабылдаған қазақ халқына өмір бойы алғыс айтып өткен. Сол тәрбиені көріп өскен Мамед ақсақал да кейінгі ұрпағына елге адал қызмет етуді өсиет етіп келеді.