Түркістан
EN

Түркістан - ұлы тарихтың жалғасы

7
22.10.2026

Тұңғыш рет Түркістанда жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер көрмесі өтті. Өткен мен бүгінді және болашақты бір арнаға тоғыстырған шарада өңірден шыққан тарихи тұлғалардың өмір жолы да дәріптелді. Қала күні қарсаңында ұйымдастырылған кештен толығырақ әріптесім Жұлдыз Шалхарбек ақпар таратсын.

Бұл қылқаламмен боялған суреттер емес, түркістандықтардың қиялынан шыққан қаланың болашақ бейнесі. Жасанды интеллект көмегімен жасалған туынды. Әрқайсысы арнайы тапсырма беру арқылы түрлі стильде бейнелеген. Арасында көзге ерекше түсіп, тілсіз сөйлеген бір сурет «Тамырыңнан үзілме» дегенді жеткізгісі келгендей. Автордың да айтпағы осы.

Жалпы идея маған әр түрлі форматта келеді. ЖИ-ден сұраймын, болмаса әріптестерімнен сұраймын, көрмелерді қараймын. Сол арқылы идея келеді. Авторлық құқықты сақтай отырып, жаңа туындыларды жасаймыз.