Түркістан
EN

Балық шаруашылығы өрістеп келеді

9
22.10.2026

Ордабасылық шаруалар тоған салып, балық өсіру ісін жолға қойды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында берілген жеңілдетілген несие ауылдағы ағайынның табысты кәсіп бастауына  жол ашты. Бүгінде тоғандарда тұқы, ақ амур мен сазан өсіріп отырған кәсіпкерлер өндіріс көлемін еселеуге ниетті. Дегенмен, саланы өркендету үшін дайын балықты қабылдап өңдейтін зауыттың қажеттілігі күн тәртібінде тұр. 

Төрткүл ауылының тұрғыны Сәкен Қонысов бірнеше жылдан бері егін шаруашылығымен айналысып келген. Былтырдан бастап балық шаруашылығына біржола бет бұрды. Алғашқы нәтиже жаман емес дейді кәсіпкер. «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы арқылы екі жарым пайызбен жеңілдетілген несие алған ол, тоғандар салып, мыңдаған шабақ жіберген.