Түркістан
EN

Облыс әкімі Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті

8
22.10.2026

Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысанның ашылу рәсіміне қатысып, елді мекендердегі инфрақұрылымның дамуымен танысады. Сонымен қатар аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін талқылады. Жиында қай салаға қатысты мәселелер айтылды? Сарыағаштық тұрғындардың ұсыныс-тілектері қандай?

Сарыағаш — Түркістан облысындағы халқы ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі. Мұнда бүгінде 220 мыңнан астам адам тұрады. Халық көп шоғырланған аймақта күнделікті тұрмыстық түйткілдердің де жиі болатыны белгілі. Сондықтан облыс басшысымен кездесуге келген жұрттың қарасы қалың болды. Жиында инфрақұрылым, білім мен медицина саласындағы кемшіліктер ортаға салынды. Құқық қорғау органдарының қызметіне мен сапасыз жолға қатысты базына да аз емес.