Мал сүйегі биотехнлогия, микробиология және фармацеевтика саласында пайдаланылатын маңызды компанент. Ал оны өңдеп шығару мал шаруашылығын өрістетуге жол ашады. Түркістан облысында төрт түліктің сүйегінен фармацевтикалық қоспа өндіретін зауыт іске қосылды. 9 млдр теңге жұмсалған өндіріс орнының ашылуына қытайлық инвесторлар ықпал еткен.
Түркістан - әуелден-ақ төскейінен төрт түлікті түгел өргізген өңір. Бірақ, оның әлеуетін түгел пайдалануға енді ғана әрекет жасалып келеді. Жаңа ашылған сүйек өңдеу зауыты соның бір дәлелі. Ірі қара мал сүйегін кәдеге жаратып, одан қосылған құны жоғары өнім өндіретін жаңа кәсіпорын бұл салаға тың серпін бермек.