Ай сайын аламандап ақша жинап, қалтасындағы қаржысын «Алтын сандыққа» салып беретін қыз-келіншектер, теледидарға жақын отырыңыздар. Гәп ойнағанда инфляцияның құнын есептемесеңіз, өз кезегіңіз келемін дегенше ұтылып қалуыңыз мүмкін. Мұны мамандар ақшасын жоғалтуға тәуекел жасау деп баға берді.
Гәп-парсы сөзі. қазақшасы кәдімгі әңгіме, әңгімелесу. Оңтүстік өңірінде бүгінде гәп ойнамайтын жандар кемде -кем. Тіпті кәсіпкерлерге дейін осы ойынның қызығына батып алған. Ең кемі 10 мың теңгеден басталып, миллиондарға дейін кете береді. Соның бірі Нұрай Елемесова. Ол бірге кәсіп бастаған әріптестерімен әрқайсысы 2 миллион теңгені ортаға сап, ай сайын бас қосады.