Ауыл-аймақтағы әлсіз интернет еліміздегі 138 мың кәсіпкер жұмысының әрі қарай өркендеуіне кедергі жасауда. Осының әсерінен жүк тасымалдау тұралап тұр. Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін енгізу мерзімі де келер жылдың маусымына шегерілген. Бұдан бөлек, шалғай аймақтарда жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін лицензиясы бар мамандардың тапшылығы да үлкен кедергіге айналған. Бұл мәселені Ерқанат Мұсылманбек Құрылтай мінберінде көтерді. Сондай-ақ Қаржы және Көлік министріне цифрлық платформаны жетілдіру бойынша нақты ұсынысын да жолдады.