Париж автосалонында су жаңа көлік көпшілік назарына ұсынылды. Оның ерекшелігі - жылжымалы кеңсе, шағын кафе немесе караоке бөлмесі ретінде қызмет атқара алады. Қытайлық компания әзірлеген электрлі «RoboBus» көлігінде дәстүрлі жүргізуші орындығы, рөл немесе тежегіш басқышы атымен жоқ. Көліктің қозғалысын жасанды интеллект толықтай өзі басқарады. Ол үшін арнайы камералар мен сенсорлар орнатылған. Бұл жолаушылардың емін-еркін отырып, жұмыс істеуіне немесе уақытын қызықты өткізуіне толық мүмкіндік береді.