Тайланд астанасы Бангкокте банкке қарсы наразылық білдірушілер шеруге шықты. Олар көздеріне доллар белгісі салынған алып шошқаның және капитализмнің символы ретінде үлкен сегізаяқтың қаңқаларын сүйреп өтті. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар халықаралық қаржы институттары қарапайым халықтың пікірін ескермейді деп есептейді.