Түркістан
EN

Мұнай бағасы арзандады

6
16.10.2026

Әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта төмендеді. Ормуз бұғазындағы ахуал мен шикізат тасымалындағы кедергілерге қарамастан, «қара алтынның» негізгі маркалары біршама арзандады. Атап айтқанда, Brent мұнайының бір баррелі 105 доллар 36 центке, ал WTI маркасы 97 доллар 29 центке бағаланған. Ресейлік Urals мұнайының құны да шамамен 3 пайызға төмендеп, барреліне 114 доллар 89 центке түсті. Бұған дейінгі саудада баға 2 долларға дейін қымбаттаған болатын. Сарапшылардың айтуынша, нарық қатысушылары қазір Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына жасалған шабуылдар салдары мен жаһандық сұраныстың әркелкілігін жіті бақылап отыр.