Түркістан
EN

Министр су қоймаларын тексерді

6
16.10.2026

Қостанай облысындағы ірі су қоймаларының тасқын кезеңіне дайындығы пысықталды. Өңірге арнайы барған Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов стратегиялық маңызы бар нысандарын аралап көрді. Тобыл қаласында күрделі жөндеуден өткен қорғаныс бөгеті енді үш жарым мың тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды су басудан қорғайды. Ал өңірдегі негізгі Қаратомар су қоймасының толу деңгейі — 67, ал Жоғарғы Тобыл қоймасы 73 пайызды көрсетіп отыр. Екі нысанда да су қақпалары мен бекітпелеріне жөндеу жүргізілген. Ведомство басшысы сапар барысында «Қазсушар» мамандарымен де кездесіп, саладағы жалақының соңғы екі жылда екі есе өскенін және шетелде біліктілік арттыру арқылы жаңа кадрлық әлеует қалыптасып жатқанын жеткізді.