Азия мен Еуропаны жалғайтын Орта дәліз енді цифрлық торапқа айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапары аясында Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты. Каспий түбімен тартылған стратегиялық жоба деректер алмасу жылдамдығын екі есеге дейін арттырып, Қазақстанның аймақтағы цифрлық хаб ретіндегі әлеуетін күшейтеді. Салтанатты шараға екі елдің мемлекет басшылары қатысты.