Түркістандық 14 жастағы Мақсат ағылшын тілін жетік біледі. Тіпті, жақында ғана ағылшын тілінің деңгейін анықтайтын халықаралық емтиханда шекті 9 баллдың 7-уін алған. Ал бұл оның жасындағы ең жоғарғы көрсеткіш деуге болады. Мұндай жетістікке ол Simba school ағылшын тілін оқытатын мектептегі тәлімгерімен бірге тынбай еңбек еткенінің арқасына жетіп отыр.
Мақсат ағылшын тілінде осылай еш мүдірмей сөйлейді. Ол 11 жасынан бастап тілді ешкімнің көмегінсіз өз бетінше оқыған. Алғашқы қадамдарын интернеттегі бейнесабақтарды көруден бастаған бозбала, кейіннен ағылшын азаматымен тілдесу арқылы үйреніп жүрген. Білімін ары қарай жетілдіру үшін қаладағы Simba school оқу орталығында оқып, 4 айдың ішінде халықаралық тесттен өтетін дәрежеге жеткен.
МАҚСАТ НҰРМАХАМЕД – ОҚУШЫ
Ilts қа әдемі дайындалдым. Оның 5 деңгейі бар. Соның әрқайсын оқытты. Спикингті мұғалім дамытты.