Түркістан
EN

Биыл 6 көпірдің құрылысы аяқталады

13
15.10.2026

 Биыл Түркістан облысында тозығы жеткен он көпір қайта жөндеуден өтіп жатыр. Оған қазынадан 1,8 млрд теңге бөлінген болатын. Ал жыл соңына дейін олардың алтауы пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кездесуде сала басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, аймақта әлі де ескірген және шұғыл жөндеуді қажет ететін көпірлердің бар екенін жасырмады.

ҚУАТ ЖҰМАТАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ          

Түркістан облысы бойынша 868 көпір тіркеліп отыр. Оны атап айтатын болсақ, қазіргі таңда 51 көпір қанағатсыз жағдайда. 51 көпір? Иә, оның 1-еуі республикалық маңызы бар жағдайда, 24 облыстық маңызы бар жағдайда сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолда.