Биыл 10 айда интернетте балағат сөздер мен балаларға зиянды ақпарат таратқан алты жүзге жуық факті анықталды. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына жауап беру барысында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді. Тексеріс кезінде жетпістен астам тікелей эфирден бейәдеп сөздер мен треш-контент табылса, бес жүзден астам жағдайда бала дамуына кері әсер ететін мәліметтер жарияланған. Заңсыз контентті жою үшін онлайн-платформа әкімшіліктеріне 159 ескерту хат жолданды. Қазір министрлік «TikTok», «Instagram», «YouTube» сияқты желілермен тікелей эфирлерді нақты уақыт режимінде бұғаттау бағытындағы жұмысты күшейтіп жатыр.