Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Су Фанцюмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы экономикалық және инвестициялық серіктестікті нығайту жайын талқылады. Қытай консулы Түркістан облысының даму қарқынына жоғары бағасын беріп, әріптестікті нығайтуға күш салатынын жеткізді. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, логистика, «Жасыл экономика» салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол екенін айтты. Бүгінде қытайлық алпауыт компаниялар Түркістан өңіріне 549 млрд теңге инвестиция құйған. Сондай ақ, облыс билігі аспан асты елінің бірқатар өңірімен тікелей байланыс орнатқан.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ -ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өздеріңіз білетіндей Қытай Халық Республикасы Түркістан облысының сауда-экономика саласындағы ірі серіктесі. Екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси сенім мен стратегиялық серіктестік инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге де мүмкіндік беріп отыр. Түркістан облысы мен Қытайдың бірқатар провинциялары арасындағы ынтымақтастық соңғы жылдары қарқын алып келеді. Бүгінде облыста қытайлық инвесторлардың қатысуымен бірнеше ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта да жаңа жобаларды жүзеге асырып, әріптестік орнатуға дайынбыз.