«Дара ұрпақ» инклюзивті театрының өнерпаздары алғашқы гастрольдік сапарын Кентау қаласынан бастады. «Мейірім керуені» деп аталатын әлеуметтік жоба Түркістан облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асуда. Ерекше күтімді қажет ететін дарынды өрендерді өнер жолына бастаған театр ұжымы алдағы уақытта жаңа бастамалармен көпті қуантпақ. Әрі қарай әсерлі кештің куәсі болған әріптесім жалғастырады.
ЕЛНҰР ПАХРИДДИН – ДАРЫНДЫ ЖАС
Ән де айта, би де билеймін, актерлық шеберлікке де шығамын. Маған мүмкіндік берді бұл театр. Маған ұнайды. Достарым да көп осы жерде. Көптеген концерттерде өнер көрсеттік.