Шымкентте жылқыны көлікке байлап, жолдың бойымен желе жортқызған жүргізуші жазаланды. Желіде тараған бейнежазбадан жануардың көліктеің артынан шауып келе жатқанын анық көруге болады. Оқиғаға дереу назар аударған полиция қызметкерлері көлік иесінің кім екенін анықтап, ұстады. Тәртіп сақшыларының тексеруі барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталмаған. Дегенмен жүргізуші жануарларға қатыгездік танытып, оларды тасымалдау ережелерін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.