Ұлттық ұлан тарихында тұңғыш рет қыз бала кинолог қызметіне қабылданды. Бала кезден жануарларға жанашыр боп өскен Аружан Жүнісова бұған дейін медициналық колледжді бітіріп, әлеуметтік салада еңбек еткен. Кейіннен әскери салада қызмет етсем деген арманы жетектеп, 6654 әскери бөліміне жұмысқа орналасты. Қазір жас маман Чарли есімді орыс спаниелін қызметке үйретуде. Шағын әрі ширақ бұл тұқым Ұлттық ұланда алғаш рет даярланып жатыр.
АРУЖАН ЖҮНІСОВА - ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ 6654 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КИНОЛОГІ
Бұл жердегі алғашқы қызбын. Өзіме де бір таңғалдырарлық жағдай болды. Кішкентай кезімнен бастап жануарларға жақын болдым. Бала кезде әскери адам болғым келді. Құдай басыма осылай бұйыртты енді. Осы жұмыс та алдыма шықты. Ең алғашқы итім Спанель итін берді. Екі айлық кезінде. Қазір үш айға келіп қалды. Оларды күшік кезінде окд дейді. Общии курс дресеровки үйретеді, кейіннен әр қайсысы әр түрді бағытқа өтеді. Менің спанель итім болашақта есірткі іздеу бағытында жұмыс жасайтын болады.