Түркістан
EN

Президент Бакуге жұмыс сапарымен барды

7
15.10.2026

Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды. Мұнда Президент Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысады. Төрткүл дүние көз тіккен төрт жылда бір өтетін саммитке бұған дейін Түркия, Қытай, Тәжікстан және еліміз төрағалық етсе, биылғы тізгін Әзербайжанда. Келелі жиын сары құрлықтағы саяси ахуалға ықпал етіп, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен де кездеседі. Мемлекеттер басшылары қос ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайын талқыламақ.