Түркістан
EN

Суару жүйесін салдық деп 251 миллион теңгені қалтаға басқан

6
15.10.2026

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген 251 миллион теңге бюджет қаржысы жымқырылды. Күдікті Жәнібек ауданында су үнемдейтін суару жүйелерін салдық деп, өз бақылауындағы екі  серіктестік арқылы мемлекеттен субсидия алуға өтініш берген. Мемлекет қазынасынан аударылған ірі көлемдегі қаражатты кейін қолма-қол ақшаға айналдырып, қалтасына басқан.


 ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ

Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған.Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.