Түркістанның рухани келбеті енді әлемдік креативпен үндеспек. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров тарихи нысандарды цифрлық форматта жаңғырту мақсатында италиялық «Magister Art» компаниясының президенті Ренато Сапоритомен кездесті. Тараптар тарихи мұраларды заманауи форматта танытуға бағытталған маңызды жобаларды талқылап, халықаралық көрмелерді ұйымдастыру және шығармашылық индустрияны дамыту мәселелерін талқылады. Аталған бастамалар өңірдің жаһандық мәдени кеңістіктегі орнын нығайтады деп күтілуде.
Өз кезегінде Ренато Сапорито Қазақстанның қарқынды дамуына жоғары баға беріп, Түркістанмен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.