Түркістан төрінде елордалық өнер ұжымының гастрольдік сапары өтіп жатыр. Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрерменге таңдаулы қойылымдарын ұсынуда. Драматургиялық шешім мен актерлардың шебер ойыны бір-бірімен үйлесім тауып, жымдаса астасқан сахналық қойылымдар алғашқы күннен-ақ аншлагпен басталды. Көркем Әбдіғали баяндайды.