Оңтүстік жастарының солтүстікте тегін білім алуына мүмкіндік беретін «SERPIN WAY» ақпараттық туры басталды. Бұл туралы баспасөз брифингінде М. Қозыбаев университетінің өкілі Олжас Мұхтар мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған оқу ордасы мансап орталығымен бірлесіп Петропавл қаласынан арнайы автобусты жолға шығарыпты. Енді қатысушылар 23 күннің ішінде Қарағанды, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарына аялдап, кездесулер ұйымдастырады. Оның барысында «Серпін» бағдарламасы және оқу ордасындағы мүмкіндіктер жайында оқушылар мен ата-аналарға толық ақпарат береді.