Отырар ауданында тропикалық банан өсіріле бастады

8
02.04.2026

Бұрын тек тропикалық елдерде өсетін банан ағашы енді Отырар ауданында да тамыр жая бастады. Шәмші ауылында экзотикалық өнімді жерсіндіруді жылыжай саласының маманы Рамазан Кенжебаев қолға алған. Түркістан облысында мұндай тәжірибенің негізі бұған дейін де қаланып, жылдық өнім көлемі мың тоннадан асқан. Тың бастама жүзеге асырылған аймаққа  барып қайтқан әріптесім Шынар Мұратхан әңгімелейді.